Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Зәмзагүл Досжанова мәлім етті.

-   Науқас КВИ белгілері анықталғаннан кейін мельцер боксына орналастырылды, - дейді  Зәмзагүл Досжанова.  - Қазіргі таңда ер адамның жағдайы қанағаттанарлық. Емделушінің айтуынша, ол 21 наурыздан бастап Қарағанды, Шымкент, Тараз  сияқты Қазақстанның бірнеше қалаларында болған.

Спикердің айтуынша, КВИ жұқтырған адаммен байланыста болған 158 тұлға анықталған. Олардың  алтауы стационарлық, 114 адам  үй карантинінде жатыр.

38 адам басқа өңірдің тұрғындары.  Олар туралы мәліметттер тиісті облыстардың мекемелеріне жіберілген.

Еске сала кетейік, Павлодар облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды.

1936 жылы туған Павлодар қаласының тұрғыны 8 сәуірде «ауырлығы орташа дәрежедегі ауруханадан тыс полисегментарлық пневмония, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы» диагнозымен ауруханаға жатқызылған.

Ер адам «бронх демікпесі», «өкпенің созылмалы обструктивті ауруы», «жүректің ишемиялық ауруы», «үшінші дәрежелі артериялық гипертензия» және «дене терісінің қатерлі ісігі» (2016 жылдан бастап) диагноздарымен есепте тұрды. Аталған аурулар науқастың жағдайының күрделене түсуіне әсер еткен.

 Ақбота Сейсенбаева

Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk