Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Зәмзәгүл Досжанова хабарлағандай, аталған үйлер тұрғындары коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған. Қалалық бас санитарлық дәрігер қаулысымен олар үйлерінен 14 күн бойы шыға алмайды.

- Аталған үйлер подъездері мен пәтерлері қорытынды залалсыздандырудан өткізіліп, тұрғындарын азық-түлікпен қамту мәселесі шешімін тапты, - дейді Зәмзәгүл Досжанова. – Қоғамдық тамақтандыру орындары мен сауда орындары тапсырыс бойынша оларға өз өнімдерін жеткізетін болады. Олардың ішінде Greenwich сауда орны да бар. Қоқыс шығару мәселесі де қарастырылды.

Айта кетейік, аталған подъездер тұрғындарының жүрісін шектеу мақсатында үйлер жанында полиция бекеттері қойылды.

№1 қалалық ауруханада, өз кезегінде, медициналық персоналдың жүрісіне де шектеу қойылып, ауруханадан емделіп шыққандарды шығару мен науқастарды қабылдау тоқтатылды.

Айбек Жұматов

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk