-  Алдын ала мәлімет бойынша, сол жерде коронавирус жұқтырған адам болуы  мүмкін деген ақпарат түсті, - дейді қала әкімінің орынбасары Светлана Гладышева. – Бірақ та бұл мәлімет расталмаған. Қазіргі таңда аталған тұрғын үйде өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Іс-әрекеттер алгоритміне сәйкес ол жерге полиция қызметі  және облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары жіберілді.

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, тұрғындардың арасында сауалнама жүргізіледі.  

Еске сала кетейік, облыс орталығында екі тұрғын үйдің кіреберісі мен бірінші қалалық аурухана жабылып, кіреберістердің есіктерінде  бекіткіштер орнатылды.

Шөкин және Мәшһүр Жүсіп көшелерінде коронавируспен ауырғандармен байланыста болған тұрғындардың тізімі құрылды.  Бұл адамдар 14 күн үй карантинінде болады.

Аталған үйлер подъездері мен пәтерлері залалсыздандырудан өткізіліп, тұрғындарын азық-түлікпен қамту мәселесі шешілді. Қоғамдық тамақтандыру орындары мен сауда орындары тапсырыс бойынша оларға өз өнімдерін жеткізетін болады. Олардың ішінде Greenwich сауда орны да бар. Қоқыс шығару мәселесі де қарастырылды.

Тұрғындарының жүрісін шектеу мақсатында үйлердің жанында полиция бекеттері бақылау ұйымдастырады.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk