ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әуезов көшесі, 59А үйінің жанында орын алған оқиғаға төрт құтқарушы жұмылдырылған.

- Құтқарушылар есіктерді арнайы құралдың көмегімен ашты, - дейді департаментте. - Көліктен екі жасар ұл шығарылды. Бала медициналық көмекке мұқтаж емес.

Бұдан басқа, 09.04.20 сағат 12:07–де павлодарлық құтқарушылар тұтқасына Шөкин көшесі, 87 мекенжайында 85 жастағы ер адам есікті ашпауда және қоңырауға жауап бермейтіні туралы қоңырау түсті.

- Құтқарушылар пәтерге терезе арқылы кіру жөнінде шешім қабылдады, - дейді баспасөз қызметінде. -.Баспалдақтың көмегімен олар балконға көтеріліп, үйге кірді. Кейін туысқандары мен учаскелік көмекшілерді кіргізу үшін кіреберіс есікті ашты. Үй иесі қатты ұйықтап, қоңырауларды естімеген.

Айгүл Жүсіпова 

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: