Бұл туралы Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов Instagram парақшасында жариялады.

-    Қазіргі уақытта Баянауыл ауданында 124 тыл ардагері тұрады, - деді Қанат Кәрімов. – Олар өз отбасының, өз ортасының ақылшысына, үлгі-өнегесіне айналып, қоғамымыздың ұйытқысы болуда. Жақында «Біз біргеміз!» акциясы аясында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының қолдауымен, «Баянауыл ауданының рухани даму» қоры есебінен ауданымызда тұратын тыл ардагерлеріне әлеуметтік азық-түлік жиынтығы сыйға тартылды.

Бұл игі іске Баянауыл ауданының Құрметті азаматы, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Мұрат Рахметов бастамашы болды. Оған қоса, ауданның тумалары, туған жерлеріне жанашыр азаматтар Ерлан Каналимов пен Нұрлыбек Сердалин демеушілік жасады.

-    Келер ұрпақ үшін балалық шағы мен жастық дәуренін құрбан еткен тыл ардагерлеріне қамқорлық жасаған азаматтарға өз атымнан және аудан халқы атынан алғыс білдіремін! – деді аудан әкімі.

Фото: ашық дереккөзден

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk