–  Барлығы темірден жасалған, - дейді Азамат Сүлейменов. - Танктің қаңқасы темір, – дейді Азамат Сүлейменов.  Ұзындығы –  30 см,  биіктігі –  15 см, ені – 17 см.  Ол үшін қалдық материалдарды қолдандым. Дөңгелектері мойынтіректен, ал шынжыр табаны «Жигули» машинасының шынжырынан жасалды. Мұнарасына 1 мм темір қаңылтыр майыстырылып данекерленді және 360 градусқа бұрылады. Зеңбірегі, тартатын арқаны, күрек,  арасы, жарықшам,  бак және тағы басқа бөлшектерін де көруге болады.  

 Бұл жұмысты істеуге 2 апта уақыт жұмсаған ұстаз танктің әрбір бөлшегіне ерекше көңіл бөлгенін айтады.

–  Мәңгілік от темір қаңылтырдан 1 мм кесіліп данекерленген, оттың өзі де темірден және бейнесі бейбітшілік құсы ретінде көгершін етіп жасалған, – дейді ол. – Мәңгілік оттың жаныңда екі қалампыр гүлі жұқа қаңылтырдан желімделген. Жасыл шөп зімпаралы қағаздан кесіліп, жасыл түске желімделген. Қоршауы шағын шегемен дәнекерленіп, сары жібек жіппен ілінген.

Азамат Сүлейменовтің мамандығы – инженер-педагог және физик-информатик. Педагогикалық еңбек өтілі 17 жылды құрайды.

Былтыр Наурыз мейрамына орай «Шанырақ» жобасына қатысып, бас жүлдені жеңіп алған. Оның құрастырған киіз үйі барлығы ағаштан иіліп жасалуымен және бір де бір шеге қолданбауымен ерекшеленген.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: ҰлыЖеңіс75жыл