Бұл туралы Ақтөбе облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлы "Ақтөбе ақпарат" орталығында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, Қытай елінде аты шыққан Димаш Құдайбергеннің Астана қаласында 27 маусымда "Бастау" атты шығармашылық кеші өткізілмек. Концерттен бөлек, аспан асты елінің жанкүйерлері Димаштың туған жері, тұрғылықты үйі, отбасымен танысқысы келеді. Осыған байланысты өңірдегі туристік компаниялар туристік маршрут ұйымдастырып жатыр.

"Өздеріңіз білетіндей жерлесіміз Димаш тек қана Қытайды емес, әлемді мойындатты. Бүгінде Ақтөбеге келушілердің қатары көбеюде. Соның бірі Қытай елінің азаматтары Ақтөбеге асық. Біз барлық жұмысты қоса атқарып жатырмыз. Концертке дейін немесе концерттен кейін 2000-нан астам қытайлық өңірге келеді. Оларға қосымша Ақтөбенің көрікті жерлерін көрсету үшін де қосымша маршруттар жасап жатырмыз", - дейді басқарма басшысы Ермек Кенжеханұлы.

pavlodarnews.kz