Еске сала кетейік, өткен жылдың қазан айында павлодарлық әйел үш жасар қызын ұрып-соққанын бейнежазбаға түсіріп, әкесінің туысқандарына жіберген. Бұдан кейін видео әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, қыз әкесінің тәрбиесіне берілген болатын.

Дегенмен сот шешімі бойынша кішкентай Айлин енді қайтадан анасымен бірге тұрады.

Қыздың әкесі Ермұрат Қасымовтың сөзінше, даулы іске қыздың анасын ғана емес, өзін де кінәлі санайды.

- Бұл жағдайдың Нұрүлге ғана емес, балаларға да қатысы бар, - дейді Ермұрат. - Оның тарапынан бопсалау болған емес. Мен басында әйелімді дұрыс түсіне алмадым, соңына дейін тыңдамай асығыс әрекет жасадық. Әрине, эмоцияға берілгеніміз анық. Енді мен Нұргүлден және қызымнан кешірім сұрағым келеді. Егер барлығы қайта айналып келгенде мен барлығын басқаша жасар едім. Нұргүл қызды ұрғаны үшін жазасын алды. Сондықтан осы мәселенің нүктесін қойып, істі жаптырғым келеді.

Нұргүл Докуова болса, қызы Айлинді қамқорлығына алуға дайын.

 - Мен өз қызығыма қамқор ана болуға дайынмын. Бар уақытымды соған бөлгім келеді, - дейді Нұргүл. - Сондай-ақ, қызымды балабақшаға, ойын дамытатын қосымша курстарға және түрлі ойын-сауық орындарына апарып, пайдалы дәрумендер мен ойыншықтар сатып алып беретін боламын. Мен оны жақсы көремін және ол үшін қолымнан келгенін істеймін. Маусым айының соңында қызым екеуіміз ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалауға Астанаға баруды жоспарлап отырмыз.

Қалалық білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі Орынбасар Темірболатова елді дүрліктірген оқиғаның соңы жақсылықпен аяқталды деп есептейді.

- Қыздың әкесі және туыстары лауазымды қызмет істейтін жауапты адамдар. Бұл оқиғадан барлық ерлі-зайыптылар сабақ алуы керек. Кейбір адамдар белгілі бір қиындыққа шыдай алмайды да оның зардабын балалар көреді. Бірақ үлкендердің мәселесіне кішкентай балаларды араластырмау керек, - дейді ол.

pavlodarnews.kz