Өңір басшысының айтуынша, шенеуніктер әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұрудың орнына түрлі сылтау іздейді.

Облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңесте кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы Қанат Шабенов аймақта картоп - 13,4%-ға, пияз – 19,7%-ға, қырыққабат – на 19,5%-ға, сәбіз - 13,2%-ға өскенін мәлім етті. Бұған қоса, бағалар барлық аудандар мен қалаларда шарықтап кетсе, күріш пен қарақұмық жармасы, жұмыртқа, тауық еті арзандаған.

- Азық-түлік тауарларының индексі 104,8%-ды құрайды, - деді спикер. - Республика бойынша орташа көрсеткіш 104,3% деңгейінде. Негізгі себеп – ақылы қызметке инфляция индексі 107,9%-ға дейін өсуінде. Облыста коммуналдық қызмет бағасы ақпан және мамыр айында өскен.

Мұндай жауапқа Болат Бақауовтың көңілі толмады. Аймақ басшысының пікірінше, бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыс уыстан шығып кеткен.

- Егер де бір жерлерде азық-түлік бағасы төмендесе, оған сыртқы факторлар әсер еткен, - деді өңір басшысы. - Ал, әкімдер болса, бұл бағытта жұмыс істемейді. Анау қымбаттады, мынау қымбаттады деп, түрлі себептер іздей бастайсыздар. Себеп-сылтау іздеудің орнынан бағаны тұрақтандырудың механизмін қарастыру керек. Әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың тізімі бар және оның бағасы анық болуы тиіс. Бұл – біздің басты мақсат. Бүгінде ұсынылатын картоп бағасы 90 теңгені құрайды. Ал, бізде ше? Картоп бағасы екі есеге қымбат! Бізде көкөніс сақтау қоймалары жеткілікті. Олармен меморандум жасаңдар. Біз олардың басшыларын айтарлықтай жеңілдікпен қамтамасыз еттік. Енді облыс тұрғындары олардан арзан бағамен өнім алуы керек.

Болат Бақауов әкімдерге әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын бақылауды, сонымен қатар бұл жұмысқа аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттарын жұмылдыруды тапсырды.

Томирис Бекжан

Суретті түсірген - Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz