Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері 4 алтын, 2 күміс, 1 қола медальды қанжығалады. Ардагерлер атынан Әлімжанов Еркін екі бірдей алтынды ұтып алса, жастар арасында Қалмахан Әлібек пен Мұратов Әлижан чемпион атанды. Зеренханова Балжан күміс медальдың иегері. Мұратов Әлижан екі бірдей күмісті олжалады, ал Ади Абылайхан қола жүлдеге ие болды. Жастар, қыз балалар, ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спорттық жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Үндістан, Иран, Моңғолия, Пәкістан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Оңтүстік Корея және Жапония елдерінен 430 адам қатысты.    



pavlodarnews.kz