Бұл туралы агенттікке аталмыш білім беру ордасының баспасөз хатшысы Айжан Текенова мәлім етті.

- Жәмиля «Әлем азаматы болудың мәні қандай?» атты тақырыпта ролик дайындаған болатын, - дейді Айжан Текенова. - Нәтижесінде 4600 қатысушының ішінен 25 елдің оқушыларының жұмыстары ғана іріктеліп алынды. Оның ішінде біздің Жәмиля финалға жолдама алды. Жобаның басты мақсаты – кішкентай ғана істер арқылы адамзатқа өз пайдасын тигізуге болатынын көрсету. Бес жылдан бері өткізіліп келе жатқан аталмыш білім додасына Қазақстан алғашқы рет жеңіске жетіп отыр. Бұл ретте Жәмиляның жетекшісі ағылшын тілі пәні мүғалімі Әсемгүл Ақылбайқызының еңбегін де атап өткен жөн.

Қазіргі таңда Жәмиля Кенжетай тамыз айында Нью-Йорк қаласында өтетін «Жастар көшбасшыларының форумына» қатысуға дайындалуда.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz