Жарыс Германияның Мюнхен және Ганновер қалаларында өткен. Еуропа елдерінде мұндай шаралар дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Әлемдік бәсекеде Азия елдерінің командалары да бақ сынады.

Турнирдің күміс медаль иегері Максим Мазепаның айтуынша, павлодарлық спортшылар бұл жарыста ел намысын абыроймен қорғаумен қатар өздеріне де мол тәжірибе жинаған.

- Қарсыластар оңай болған жоқ. Жарыс алаңында толқу болды. Өйткені, әлемнің ең мықтылары келгенін білдік.  Әсіресе, Үндістанның өкілдері қазір бұл спорт түрі бойынша өте мықты болып табылады. Дегенмен, бар күшімізді салудың арқасында біздің команда екінші және үшінші орындарды жеңіп алды, - дейді Максим Мазепа.

Талғат Төре

pavlodarnews.kz