Бұл туралы ҚазАқпарат  хабарлайды. Қазіргі көшелерді кеңейту халық саны мен көлік құралдарының өсуімен байланысты, деп хабарлайды Астана қалалық автомобиль жолдары басқармасының өкілдері. 

Қабанбай батыр даңғылын қайта құру аясында Достық көшесінен Астана халықаралық әуежайына дейінгі аралықта көшені кеңейту басталып кетті, алайда кеңейту жұмыстары ұзаққа созылады, делінген хабарламада. 

Бұл жобаны жүзеге асыру аясында осы жылы инженерлік желілер құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Көшені қайта құру жұмыстары 2018-2019 жылдарға жоспарланған. 

Қазіргі таңда Ықылас Дүкенұлы көшесін - Шоқан Уәлиханов көшесінен Бейбітшілік көшесіне дейінгі учаскеде қайта құру бойынша жоба жасалды. Сондай-ақ, Кенесары көшесінен Мәскеу көшесіне дейінгі аралықта Желтоқсан көшесін кеңейту жобасы жүзеге асырылуда. 

Бұдан бөлек, қала әкімшілігінде Асан Қайғы көшесін Ташенов көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі аралықта кеңейту жобасы бойынша жоспар туралы хабарлады.

pavlodarnews.kz