Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Бұл инсталляцияда асфальтті «жарып шығып», алақанына ағаш өсіп тұрған мүсін бейнеленген. Қалалық шешімдер бюросының директоры Дәурен Қайсаров әлеуметтік желіде жазылушыларының назарын осындай көрікті композицияға аударып: «Манникюрдің жарнамасы ма? Жоқ! Сіздер елордамыздың жаңа көрікті жерін не деп атар едіңіздер?» - деп жазды. Желі қолданушылары бұл инсталляцияны Бакудегі мүсінмен салыстырды. Атап өткен жөн, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезеңінде Қазақстан астанасында ерекше мүсіндер мен жас көшеттер пайда болды.  



pavlodarnews.kz