Қалалық білім беру бөлімі мамандарының сөзінше, оқушылар онда акварель, гуаш, майлы сыр секілді сурет бояуларымен қала пейзажын жасап, көркем жерлердің суреттерін салды. Тәжірибелік плэнердің қорытындысы бойынша, маусым айында мектептерде көрме ұйымдастырылады. Онда ең үздік жұмыстар қойылады.

- Бұл оқушылардың табиғатпен байланысы бар. Өйткені, табиғаттың әсемдігін сол қалпында қағаз бетіне түсіру әркімнің қолынан келмейді. Сурет салу үшін шабытпен бірге шеберлік те керек. Сонда ғана осындай шедеврлерді туғызуға мүмкіндік бар, - дейді көркемсурет мектебінің директоры  Наталья  Герусова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, плэнердің екінші кезеңінде оқушылардың бейіндік тәжірибесі бойынша сабақтар жоспарланған. Яғни, арнайы сабақтар өткізілетін болады. Шілде айынан бастап қаланың жалпы орта білім беру мектептерінде оқушылар үшін экскурсиялар, көрмелер, шеберлік сыныптар өтеді.

Ал, пленердің екінші маусымы тамыз айының 16-31  аралығында ұйымдастырылады. 

pavlodarnews.kz