Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Жаңа нысан Наурызбай ауданында салынады. Жобаны таныстырған Design Strategy Group компаниясының өкілі Евгения Момот мұндай нысанның Қазақстанда баламасы жоқ екендігін айтты. «Әлемде мұндай нысандар көп. Ал Қазақстанда бірінші рет салынғалы отыр. Тура кинотеатрдағыдай әсер қалдырады. Барлық жерде экран болады. Келушілер жұлдызды аспанды бақылай алады. Бұл жерде сапалы ғаламның пайда болғанын бақылауға болады. Moon Track аттракционында айға саяхат жасауға мүмкіндік туады», - деді Е.Момот. Оның айтуынша, мұнда бір уақытта 260 адамға қызмет көрсетіледі.

Сондай-ақ, инвестициялық форум барысында Наурызбай ауданының инвестициялық мүмкіндіктері көрсетілді. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы таратқан мәліметке сенсек, соңғы 3 жыл ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 3 есеге, яғни 7 млрд.-тан 22 млрд-қа дейін өсті. ШОБ жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 4 есеге (2014 жылы 175 және 2017 жылы 755) өсті. 3 жыл ішінде шамамен 1500 жаңа жұмыс орындары құрылды. Бұдан басқа, инфрақұрылымды дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, Наурызбай ауданында 25 га аумағында «Нұрлы дала» тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Мұнда жалпы саны 5 770 пәтер салынады. 858 пәтер 2018 жылғы сәуірде пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.  



pavlodarnews.kz