Облыстық дін істері басқармасының басшысы Дәулет Зәкарияновтың пікірінше, жастарды деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтау бір ғана адамның не болмаса бір ғана мекеменің қолынан келмейді. Бұл істе облыстық ішкі істер департаменті, білім беру басқармасы, жастар мәселелерін дамыту жөніндегі басқармасы, дене тәрбиесі және спорт басқармасы, мешіт және басқа да жастар ұйымдары бірлесіп әрекет ету керек.

Павлодар облыстық ішкі істер департаменті ювеналдық полициясы бөлімінің бастығы Бибігүл Қамзинаның айтуынша, мұндай келеңсіздіктерге көбінесе аз қамтамасыз етілген, жағдайы төмен отасынан шыққан және ата-аналары толық емес балалар ұрынады.

- Павлодар облысында жағдайы төмен 311 отбасында 400-ден астам кәмілеттік жасқа толмаған жеткіншек бар. Биыл 299 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 40-ы құқығынан айырылды. Міне, теріс діни ағымдардың қатарына көбінесе осындай отбасының балалары кіріп жатады. Сондықтан балаларды жат ағымдардан сақтағымыз келсе, алдымен олардың ата-аналарымен жұмыс жасағанымыз дұрыс. Яғни, үлкендер дұрыс үлгі көрсете білуі керек, - дейді Бибігүл Қамзина.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жастарды деструктивті діни ағымдардың ықпалына еріп кетудің алдын алу бойынша өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Шара соңында келген қонақтарға «Адасқандар» фильмінен үзінді көрсетілді.

Тілеуберді Сахаба

pavlodarnews.kz