Таеквондомен бес жасынан бастап айналысқан Ақмәди бүгінгі күнге дейін талай додалардан топ жарып, қара белбеу иегері атанған.

- Вьетнам республикасында өткен Азия чемпионатына әлемнің 17 елінен 1000-дай спортшы қатысты. 65 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі менің тобымда сегіз елдің өкілі өнер көрсетті. Бұл жарыста екі жекпе-жек өткіздім. Біріншісінде Үндістанның спортшысын тізе бүктірсем, екіншісінде Иорданияның өкілімен кездесіп, оған жол бердім. Қазақстан құрамасында 20 бала қатысып, оның 12-сі жүлделі орынға ілікті, - дейді Ақмәди Нұрқасым.

Спортшының сөзінше, 11-13 мамыр аралығында Мәскеуде өткен халықаралық турнирден тағы екінші орынмен оралған. Қазіргі таңда алдағы шілде айында Кореяда өтетін халықаралық турнирге және тамызда Египетте болатын әлем чемпионатына дайындалуда. Жас таеквондошы Павлодардағы Ким Сонг Су таеквондо спорт мектебінде жаттығады.

Тілеуберді Сахаба

pavlodarnews.kz