Оған Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасына қарасты «Халал өнімдерін стандарттау» ЖШС-нің маманы Амангүл Әбілдинова және өңірдегі  имамдар мен танымал кәсіпкерлер қатысты.

- Басты мақсат - кәсіпкерлер мен дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру, - дейді Алмагүл Әбілдинова.   - Бүгінде еліміздегі әр облыста халал өнім өндіретін кәсіпорынның жұмысы шариғат талаптарына қаншалықты сай екенін анықтап, бақылап отыратын өкілдер бар. Сондықтан әр имам мен тауар өндіруші кәсіпкерлер халал өнімге қойылатын талаптар мен шарттарды жетік білуі тиіс.

Аталмыш шарада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Нариман  Исенов , ҚМДБ Павлодар облысы бойынша  халал өнімдерін стандарттау бөлімінің өкілі Қазыбек Какенов бұл игі іске атсалысудың қаншалықты маңызды екеніне  тоқталды. 

pavlodarnews.kz