Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жерде жамағатқа ауызашар беріледі және кешкі уақытта намаз оқуға мүмкіндік жасалған.

- Киіз үйде бас қосқан жандар әңгіме-дүкен құрып, сәресінен кейін ғана үйлеріне тарқасады, - дейді баспасөз қызметінде. 


Мұндай сыйды қала тұрғындарына «Автобаза спецмашин» ЖШС-нің басшысы Сүйіндік Нұрұмов  жасады.

Ол әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға әрқашан қол ұшын созуға дайын және қала әкімдігіне үнемі қолдау көрсетіп тұрады. Қала билігі әлеуметтік жоба аясында басқа кәсіпкерлер де үлгі алады деген сенімде. Мәселен,  екінші Павлодар ауданында жер асты суларының көтерілуі салдарынан су басқан жеті үйдің иесі көмекке мұқтаж. Олардың басым бөлігі қариялар.

 

pavlodarnews.kz