Бұл туралы қалалық мәслихаттың сессиясында  тұрақты комиссияның ТҮКШ бойынша төрағасы Игорь Вертнов мәлім етті.

- Бүгінгі таңда кондоминимум объектілерін ұстау бойынша ПИК пен әкімдіктің басқарма органдары арасында жақсы байланыс орнатылған, - дейді Игорь Вертнов. - Сонымен қатар белгілі бір нормативтер мен квартал іші аумақтарын көріктендіруге әсер етудің жолдары қарастырылған. Аумақтарды тазалау мақсатында ұйымдастырылған айлық ойдағыдай өткенін атап өткен жөн. Бірқатар ПИК-тер тұрғындарды үйлерді күтіп ұстауға жұмылдыру бойынша белсенді жұмыс істеуде.

Комиссия төрағасының айтуынша, қалалық бюджеттен 131 ауланы көріктендіруге, асфальт төсеуге, ағымды жөндеуге ресурс бөлінген. Қосымша тұрғын үй инспекциясы мен ТҮКШ бөлімі, депутаттар бұл жұмысқа ПИК-тің қатысуын бағалау бойынша жаңа өлшемдер әзірлеген. Сондай-ақ, белсенді кооперативтер мен жаңғыртуға қатысқан тұрғын үйлерді кезекке қоюға мүмкіндік беретін нормативтер белгіленген. Бұдан кейін пәтер иелері кооперативтері арасында конкурс өткізіліп, бірінші кезеңде аула іші аумақтары көріктендірілетін 25 тұрғын үй таңдалып алынған.

- Биылғы жылы 25-маусым, 25-шілде күндері тағы да екі конкурс өткізу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде ТҮКШ мен тұрғын үй инспекциясы тарапынан ассоциация арқылы барлық ПИК-тер мен кондоминимумның басқа да басқармалары хабарландырылды. Көптеген пәтер иелері кооперативтері кондоминимум объектілерін ұстау бойынша тұрғындармен бірге жүйелі жұмыс жүргізбейді. Сондықтан үйлер мен квартал іші аумақтарын күтіп ұстауға, балалар ойын алаңдарын қалыпқа келтіруге тұрғындарды көбірек тарту керек. Себебі алдағы уақытта бюджеттен қаржы бөлу кезінде осының барлығы ескеріледі, - деді Игорь Вертнов.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz