Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының сайтында хабарланды дейді ҚазАқпарат. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Халықаралық «ЭКСПО - 2017» көрмесі мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған мәдени шара аясында Анкарадағы көрнекті қазақ ақыны Сүйінбай Аронұлының саябағы жанындағы көшеге қазақ халық поэзиясының белді өкілі Жамбыл Жабаевтың аты берілді. Сонымен бірге, «Қазақстан күндері» шеңберінде Елбасы Н.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Салтанатты шараларға Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы, ТҮРКСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Кечиөрен муниципалитетінің мэрі Мұстафа Ак, Қожа Ахмет Яссауи университетінің Өкілетті кеңес төрағасы Мұса Йылдыз бен екі елдің мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен баспасөз өкілдері қатысты. Бауырлас елдердің ынтымағын паш еткен шара Оңтүстік Қазақстан облысының өнерпаздары әзірлеген «Қазақстан кеші» атты ән-би концертімен жалғасты.



pavlodarnews.kz