Облыстық соттың баспасөз хатшысы Айгерім Сүлейменованың айтуынша,  алимент бойынша жиналып қалған қарыз 1,5 млн теңгені құрайды. Сонымен қатар ер адам бұған дейін аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған және тиісті мерзімнің жартысын өтеп, жақсы тәртібі үшін бостандыққа шыққан. Ол баласына көмектесуге мүмкіндігі бола тұра өзінің тапқан табысын букмекерлік кеңсеге жұмсап отырған.

- Сот үкімімен ер адам қылмыс жасағаны үшін ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл төрт айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды, - деді Айгерім Сүлейменова.

Берешегі бар әке сот залында қамауға алынды. Сот үкімі заңды күшіне толық енген жоқ.

pavlodarnews.kz