Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 13 маусымда Астананың экономикалық сотының шешімімен шығынға ұшырыған азаматтардың пайдасына қала прокурорының екі талап арызы қанағаттандырылды. «Пана Комфорт» ТҮҚК-нің мүддесіне енгізілген талап арыздың қаралу нәтижесі бойынша жосықсыз құрылыс салушылар «Молодая семья» ТҮҚК-і және «Адал иншаат» ЖШС-нен («Тамыз инвест групп» АҚ-мен байланысты мекеме) 190 миллион теңге өндіріліп, аяқталмаған «Пана» тұрғын үй кешені жер телімімен бірге үлескерлерге берілді. Сол сияқты, сот қала прокурорының «Имбейс» ТҮҚК-нің мүддесіне енгізілген талап арызы қанағаттандырылып, «Капитал строй сервис» ЖШС-нен 680 миллион теңге өндіріліп, қолданысқа берілмеген «Гранитный» ТК-і үлескерлерге берілді.

Қазіргі таңда, аталған тұрғын-үй құрылыс кооперативтерінде құрылысты аяқтайтын құрылыс салушыларды шақыру және ТК-ін қолданысқа енгізу мүмкіндігі туды. Кәсіпкерлердің сұрауы бойынша қала прокуратурасы мен әкімдік отырып «аяқталмаған құрылыс объектілерінің жәрмеңкесін» ұйымдастырып, тұрғын үй кешендері құрылыс ұйымдарына таныстырылады.  

 

pavlodarnews.kz