Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы Сергей Сытник мәлім етті.

- Өңірде ресми түрде 13 жағажай ашылған, - дейді Сергей Сытник. - Оның біреуі - Усолка орталық жағажайы болса, екіншісі - Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентінде. Қалған 10 жағажай Баянауыл ауданының демалыс базасында орналасқан. Шомылу маусымының ашылуына арналған бағдарлама аясында флешмоб, mannequin сhallenge ұйымдастырылып, теплоход іске қосылады.

Айта кетейік, әйгілі mannequin challenge - «манекенге ұқсау» флешмобына қатысқан адамдардың түрлі қимылда қатып қалған сәті видеоға түсіріліп, интернетке салынады.

Спикердің айтуынша, шомылу маусымында 62 қоғамдық құтқарушы кезекшілікке шығады. Оның 42-сі жедел құтқару жасағында арнайы дайындықтан өтіп, сертификат алған. Алдағы уақытта құтқарушылардың санын 100-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Ақбота Сейсенбаева

Сурет өңірлік коммуникациялар қызметінен алынды 

pavlodarnews.kz