Мәселемен редакцияға жүгінген аталмыш үйдің тұрғындары қоршаудың жартысын неге алып тастағанын түсінбей әлек. Бұған қоса, оның қайда және не үшін алып кеткенін түсіне алмай отыр. 

Қалалық ТҮКШ бөлімінде бұл облыс орталығының көрінісін жақсарту мақсатында ұйымдастырылған жоспарлы шара екенін атап өтті.

- Қоршауды жаңадан қою мақсатында бөлшектеу жасалған, - дейді ТҮКШ бөлімінің бас маманы Бағдат Жингулова. – Кутузов көшесінде аулалар жағынан көптеген тесік бар және көзге оғаш көрінеді. Сондықтан тұтас темір бетоннан қоршау қойғымыз келеді. Екі күн бұрын жұмысты бастадық. Жартысын алып тастаған едік, дегенмен тұрғындар бөгет жасай береді. Неше күннен бері түсіндіруге тырысып жатырмыз. Олар болса, қала әкімінің қабылдауына келетіндерін айтып, ескі дуалды қайтаруды талап етіп отыр. Бүгін тағы да сол жерде болдым. Тұрғын үй тәртібі бойынша жауапты адаммен сөйлестік. Тұрғындар болса, «Осы қоршау да жарап жатыр, тек тесіктерін жамап беріңдер» деп бой бермей отыр. Дегенмен Пахомов зиратының периметрі бойынша дуалды ауыстыру қарастырылған. Себебі оның кейбір бөлігі жоқ.

 

pavlodarnews.kz