Бұл туралы ҚазАқпарат  хабарлады. Сонымен қатар, ет, алкогольсіз сусындар, жармалар және қант қымбаттаған. Жеміс-жидек, балық және теңіз өнімдері, сүт тағамдары және майдың бағасы сәл артқан. Ал жұмыртқаның бағасы керісінше,  12%-ға арзандады. Солтүстікқазақстандықтардың киім-кешек, аяқ киім, оқу құралдарына жұмсалатын шығыны да артты.

Құрылыс материалдарының да бағасы қымбаттағандықтан, пәтерлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу қызметінің де құны артты. Мейрамханаларға да бұрынғыдан артық төлеуге тура келеді. Статистика департаментінің мәліметінше, жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі тұтынудың минималды көлемімен есептелді және ол мамыр айында 20 824 теңгені құрады. 



pavlodarnews.kz