Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, 1 маусым-14 шілде аралығында мектеп жанындағы лагерьде 1-4 сыныптардан 265 оқушы, бейіндік лагерьде 5-10 сыныптардан 201 оқушы қатысады. Қазіргі уақытта мектеп жанындағы және бейіндік лагерьлерде 1-10 сыныптардан 406 оқушы демалуда.

Биыл халықаралық ЭКСПО - 2017 көрмесіне арналған «Жасыл экономика» шығармашылық зертханасы жұмысы істейді. Бейіндік бағыттағы лагерьде 14 отряд құрылды. Оның ішінде «Чемпиондар клубы» үйірмесі бар. Бұдан басқа, жас өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жасағына 6-сыныптың 20 оқушысы қамтылған.

- Ең қызықты және жарқын іс-шараның бірі - «Экологиялық подиум» сән көрсету іс-шарасы, - дейді «Білімпаз» отрядының жетекшісі Ирина Лазаренко. - Балалар күнделікті материалдардан және қайталама шикізаттан киім тігеді. Олар «Білімпаз» мектепке дейінгі оқыту отрядымен бірге үлгілер ойлап тауып, пішумен айналысады және бөлшектерді жабыстырады. Балалар тек шеберлік пен жасампаздықты көрсетіп қана қоймады, сондай-ақ  гардеробтарын жаңартты.


pavlodarnews.kz