Бұл туралы облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ирина Сорокина облыстық мәслихаттың сессиясында мәлім етті.

- 319 респонденттің 20 пайызы емханалардағы кезек пен қызметкерлердің дөрекі қарым-қатынасына байланысты шағымданған, - деді ол. - Бұған қоса, кейбір тексерулерден басқа профилактикалық ұйымдардан өтуге тура келеді.

Спикердің айтуынша, мониторинг өткізуге жеке және заңды тұлғалардан түсетін шағымдардың артуы себеп болған. Биыл бес жылдың ішінде өткен жылмен салыстырғанда шағымдар саны 1,2 есеге артқан. Оның ішінде емдеу мен тексеру, диагностикаға қатысты сұрақтар бірінші орынды алады.

Шағымдарды қарау барысында департамент қызметкерлері келесідей бұзушылықтар орын алғанын анықтады: емдеу мен диагностика бойынша хаттамаларды және стандартты операциялық процедураларды сақтамау, қиын жағдайда хабарландыру бойынша сызбаны орындамау, науқастардың жағдайына дұрыс баға бермеу, медициналық құжаттарды жүргізудің ержесін бұзу.

Томирис Бекжан

pavlodarnews.kz