Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 жастағы азамат бұл заттарды Богдановка ауылының тұрғынынан ұрлап алып, ұялы телефонды өзінің танысына берген. Оның қылмыстық жолмен қолға түскенін біле тұрса да екіншісі «сыйлықтан» бас тартпаған.

- Аталмыш факті бойынша ұрланған заттарды сатып алған ер адамға қатысты ҚР ҚК 196-бабы 1-бөлімі - «ұрланған заттарды сатып алу» бойынша тергеу жүргізілуде. Ол 300 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 300 сағаттық мерзімге дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады. Сондай-ақ 90 тәулікке қамауға алынуы мүмкін.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары тауарларды тиісті құжаттарсыз алмау қажет екенін ескертеді. Егер сатып алынған тауар ұрланған болса, міндетті түрде ешбір төлемақысыз тартып алынады. Бұған қоса, қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған.

 

pavlodarnews.kz