Бұл туралы агенттікке кеншілер қаласындағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Құндыз Қасенова мәлім етті.

- Мерейтойға орай жоспарланған көптеген ауқымды шаралар 11-маусымнан бастап өткізіліп келеді, - дейді Құндыз Мұратқызы. – Мәселен, бүгін 16-маусым күні «Шығыс кенішінде 550 миллион тонна көмір тиеледі.  «Жаңа ауыл» ШҚ» ЖШС-нда мал сою және ет өнімдерін өндіру, қалдықтарды өңдеу цехы ашылды. Қалалық ипподромда  қалалар мен аудандар командаларының қатысуымен көкпардан облыстық чемпионат,  «Жігіт сұлтаны» байқауы, аударыспақ, теңге алу, ат-жарыс спорт түрлері бойынша түрлі жарыстар ұйымдастырылады.

Маманның айтуынша, ертең 17-маусым күні сапаржай маңындағы саябақта Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ескерткішін ашу салтанаты өтеді. Бұдан басқа, қала тұрғындары мен қонақтары «Дос – Мұқасан» вокалды-аспаптық ансамблінің концертін тамашалай алады.

Ақбота Сейсенбаева

17 маусым

Вокзал маңы саябағы

сағ.10.00.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ескерткішін ашу салтанаты

 

Қалалық ипподром 

 «Әуенді Екібастұз» музыкалық аймағы

сағ. 10.00.-14.30.

 

 

 - Қала күні  мерекесінің салтанатты ашылуы

- «Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек» (fashion-show «Назад к истокам» «Арлан» костюм театрының көрінісі

 - Иса Байзақов атындағы облыстық филармония концерті (ән-күй, жыр-терме, этнофольклор)

- Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әндер орындаушысы Айгүл Қосанованың өнер көрсетуі

- «Дос – Мұқасан» вокалды-аспаптық ансамблінің концерті

 «Қазыналы Екібастұз» этноаймағы

сағ. 10.00-14.30.

Қолданбалы өнер заттарының жәрмеңке-көрмесі және шеберлік сыныптары (Қазақстан, Қырғыстан зергерлерінің, ағаш ,киіз, қыш, кесте тігу шеберлерінің қатысуымен)

«Спорт әлемі» - спорт алаңы

сағ.08.00 - 17.00.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  сағ. 15.00-17.00.

 

 «Спорт әлемі» спорт алаңының ашылуы – байкерлердің мотожүрісі

- спорттың ұлттық және халық түрлері бойынша жаппай спорт жарыстары – спорттың ат-жарыс түрлері, қазақ күресі, асық ату, армрестлинг, гір көтеру және т.б.

-көкпар бойынша ақтық ойын

- қазақ күресі бойынша қаланың ашық чемпионаты

- асық ату бойынша ашық турнир

- акробаттардың батуттардағы көріністі қойылымдары, таеквондо, бокс, айкидо, дзюдо, каратэ, волейбол, баскетбол, футбол, спорттың үстел түрлері

- армрестлинг, гір көтеру бойынша ашық Турнир

- арқан тарту бойынша ашық Турнир

- Қыз қуу көріністі қойылымы

 - бәйге

 «Бүлдіршіндер әлемі» зонасы

сағ. 10.00-14.30.

-  «Аквагримм» зонасы

-  «Ең үздік» жедел бағдарламасының зонасы

- «Ақ ладья» шахмат ойындары әуесқойларының зонасы

-  «Змейка» зонасы

-  «Жас суретші» зонасы

-  «Жас әуе және кеме жасаушылары» зонасы

- Бөбектерге арналған зона

- Балалар атракциондарының жұмысы

- Әуе гимнасттары, эквилибристер

 «Берекелі дастархан» тамақтану аймағы

сағ. 10.00-14.30.

- түрлі ұлттық тағамдардан мерекелік сатылым

- ауыл шаруашылық өнімдерінің көрмесі

 «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағы

сағ. 10.00-22.00.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

аттракциондардың жұмысы

-  фотосуретшілер көрмесі

-  кітаптар бульвары

- балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы

- «Қаламның бояулары» ойын-сауық бағдарламасы:

-   I блок - «Мәңгілік елдің – мәңгілік қаласы» мерекелік концерттік бағдарламасы

-          II блок - «BREIK PARTY»

-          III блок - «Менің сүйікті қалам» асфальтта сурет салу байқауы

- «Арайлы, әсем қала Екібастұз» концерттік бағдарламасы

 

«Шахтер» стадионы

сағ. 19.00-22.30.

 

 

 

 сағ. 22.30.

   - Екібастұз қаласы кәсіпорындары мен мекемелер өкілдерінің шеруі. Флэшмоб

   - Гиннесс рекордын орнату – «Туған күніңмен, Екібастұз» әнін жаппай орындау

    -  Марапаттау рәсімі

  -  Қазақ және ресей эстрадасы жұлдыздарының өнер көрсетуі

  -   Мерекелік отшашу

18 маусым

«Өнер» ҚМО

сағ. 18.00.

- Ресей театрының, кино және телеарна әртісі, музыкант, Екібастұз қаласының тумасы Александр Устюгов жетекшілігіндегі «Екібастұз» музыкалық ұжымының өнер көрсетуі

 

pavlodarnews.kz