Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Бұл туралы боксшының PR-менеджері Берік Сұлтан Facebook парақшасында хабарлады. Кездесу барысында Қанат Ислам Бауыржан Байбекке өзінің чемпиондық белбеуін сыйға тартқан. «Спортқа жанашырлығыңыз бен жарқын болашақ үшін жасап жүрген еңбегіңізге ризашылық білдіріп, інілік көңілмен сізге осы белбеуді сыйлаймын», - деді Қанат Ислам. Сондай-ақ, Белбеуге «Бауыржан Байбек ағама Қанат Исламнан естелік» деген сөз қашалып жазылған. Өз кезегінде қала əкімі ЭКПО-2017 көрмесі аясында өтетін байрақты бəсекеде Қанат Ислам жеңіске жетіп, Қазақ еліне тағы да қуаныш сыйлайтынына сенімді екенін айтты. Айта кетейік, Алматы қаласы əкімдігі Қанат Исламның АҚШ-та өткен жекпе-жегінің бас серіктесі болды. Сондай-ақ, 2016 жылы "Алматы аренада" өткен бокс кешіне де қолдау көрсеткен болатын. Берік Сұлтанның айтуынша, жақын күндері боксшының  "QAZAQ" командасы БАҚ өкілдері үшін арнайы баспасөз маслихаты ұйымдастырады.



pavlodarnews.kz