ПМУ студенті Әсет Айтбаев технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығы бойынша білім алады. ПМУ-де өтіп жатқан өнертапқыштар марафонында ол достарымен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған еден жуғыш жасауды ұйғарыпты.

- Біздің құрылғыны жасау тәсілі өте қарапайым және қолдануға қолайлы. Бар болғаны бірнеше тиат құбырларын шарнирмен біріктіреміз де, оның табандарына еденде таймас үшін резина кигіземіз. Содан кейін оған еден жуатын гупкалы қосымшасын орнатамыз. Өзіндігімен жүріп-тұра алмайтын адамдар соған сүйеніп тұрып-ақ, үйінің кез-келген жерін жуып, тазалай алады. Құрылғының салмағы 3-4 келіден аспайды. 18-маусым күні осы марафонның қорытындысы кезінде өз жобамызды қорғап, одан ары іс жүзінде пайдаға асыруда жоспарлап отырмыз, - дейді Әсет Айтбаев.

Айта кетейік Әсет бұған дейін Павлодар қаласындағы «Трубопрокат» зауытында өндірістен қалған труба қалдықтары арқылы жиһаз фурнитураларын және вагон құрылысына арналған қосымша құрылғыларды жасап, әртүрлі конкурстарға қатысып жүлделі орындарға ие болған.

Тілеуберді Сахаба

Сурет ПМУ баспасөз қызметінен алынды

pavlodarnews.kz