«Халық» радиосы жаңалықтар қызметінің редакторы Махаббат Кәмесханның айтуынша, жарысқа жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

– Жыл сайын қатысушылардың саны артып келеді және ойынның сапасы да жоғары, – дейді Махаббат Кәмесхан. – Биылғы турнир тарысқа толы, қызықты өтті. Бәсекелі жарыста қыздар арасында бірінші орынды «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының дикторы Марина Сахарова қанжығасына байлады, екінші орынды «Халық» радиосының атынан қатысқан Ақмарал Ерманат иеленді. Үшінші орынды  «Сарырақа самалы» газетінің тілшісі Мереке Амантай қанаған тұтты. Ерлер арасында бірінші орынды «Қазақстан Павлодар» телеарнасының тілшісі Есенбек Санатұлы жеңіп алды. Екінші орын «Хабар» телеарнасы жергілікті филиалының қызметкері Алексей Котқа, үшінші орын «Халық» радиосының редакторы Ерсайын Ертісбаевқа бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге «Ертіс медиа» ЖШС-нің демеушілігімен ақшалай сыйақы табыс етілді.

Айта кетейік, Сәлімбай Ермұратов облыстық «Қызыл ту» газетінде, телеарна мен радио саласында 20 жылдай қызмет еткен. Арда азамат қазақ журналистикасының дамуына өзіндік үлесін қалдырған. 

pavlodarnews.kz