Шаһардың кәсіпорындары, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің күшімен 60 киіз үй орнатылды. Қалашыққа келгендерге арнайы ас – палау мен бауырсақ берілді. Балалар үшін арнайы алаңдар ұйымдастырылды: батут, алтыбақан. Этноауылдың ортасында  қолданбалы қолөнер көрмесінде  кез келген адамға   зергерлік бұйымдар мен ағаш, былғары, саздан жасалған заттар сатып алу мүмкіндігі ұсынылды.

- 60 жыл соншалықты үлкен уақыт емес, дегенмен осы уақыттың ішінде Екібастұздың қызықты тарихы қалыптасты, - дейді жуырда Екібастұзбен бауырластар атанған Минск қаласы Партизан ауданы әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Светлана Петрова. – Бұл өте әдемі қала. Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мереке тамаша.

 Екібастұздықтарды қала күнімен құттықтауға Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов та келді.

- Осыдан алты жыл бұрын Екібастұзда 25 мың адам тұратын, – деді өңір басшысы. – Барлығы төрт мектеп, бір мәдениет сарайы, балалар музыкалық мектебі, бір пошта бөлімшесі болды. Шаһар қарыштап, болашаққа қадам басты. Бүгінде Екібастұз еліміз үшін отын энергетика және ірі өндірістік орталық болып табылады. Оның бай мұраға толы өткен тарихы бүгінгі күнмен тығыз байланысты. Екібастұз – заманауи индустриалды орталық қана емес, еңбекқор, шығармашыл және талантты адамдар тұратын мекен.

Бұл күні Екібастұздың үш тұрғыны «Павлодар облысының құрметті азаматы» атағына ие болды. Олар – еңбек ардагерлері Дүкен Қызғарин мен Қайрат Смағұлов, «Богатырь Көмір» ЖШС Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасының басшысы Александр Григорьев. Бұдан басқа, өңір басшысы ауыл шаруашылығы саласының ардагері Әди Алкебаевты «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапттады.

Бас сахна төрінде қонақтарға қазақстандық «Дос-Мұқасан» квартеті өнер көрсетіп, «Той жыры», «Водовоз» және тағы басқа белгілі әндерін орындады.  Ипподромда бәйге ұйымдастырылып, үш көлік ұтысқа қойылды.


Томирис Бекжан

Суретті түсірген – Дархан Өмірзақов

 

pavlodarnews.kz