Қалалық білім беру бөлімі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, лагерьге құрамында туристер, экологтар, қала мектептері оқушыларының ішінен өлкетанушылар бар 150 адам қатысады.

Бағдарлама аясында «Экология» бағытында «Таза үй - таза ғаламшар» экологиялық акциясы; «Көшбасшы - 2017» экологиялық квест, «Туризм» бағытында: «Көшбасшы - турист» біркүндік туристік жорығы, «Жылдамырақ. Биігірек. Күштірек» кіші олимпиадалық ойындары, «Керемет отырыс» бард әнінің кеші, «Өлкетану» бағытында: «Жасыбай батыр», «Мыстандар шатқалы», «Шың суреттерінің құпиялары», бағыттары бойынша шеберлік сыныптары мен тәжірибелер, «Туған өлкенің жас білгірлері» зияткерлік-танымдық ойындары, «Жасақ жылнамасын» қорғау, «Көшбасшылар мектебі» бағытында қызықты тренингтері мен ойындар қарастырылған.

- Лагерь жұмысының бағдарламасы әрбір қатысушының дербес басқарушылық әлеуетін көрсетіп, өздік дарындылығы мен ұйымдастырушылық қабілеттерін, күнделікті тіршіліктегі сұрақтарды шешуде белсенділігі мен жауапкершілігін дамытуға мүмкіндік береді, - дейді орталықтың бөлім меңгерушісі Валентина Шорохова.

 

pavlodarnews.kz