Облыстық білім беру басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, биылғы оқу жылында конкурсқа 12 ауылдық, екі қалалық және үш облыстық дарынды балаларға арналған мамандырылған мектеп қатысқан.

Конкурсқа қатысушыларды іріктеу  ақпараттық-коммуникативтік оқыту технологияларын енгізу, сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарын кадрлық және  материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету, жарақтандыру және жабдықтау, білім алушылардың денсаулығын сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың еңбегін қорғау  және тағы басқа өлшемдер бойынша іске асырылды.

Конкурстық комиссия қатысушылар дайындығының жоғары деңгейін, спикерлердің мектеп қызметін сауатты және нақты ұсыну қабілетін атап өтті.

Байқау қортындысы педагогикалық қызметкерлердің тамыз конференциясында аталып, жеңімпазға «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының лауреаты» құрмет дипломы мен грант алуы туралы сертификат табыс етіледі.

 

 

pavlodarnews.kz