ҚХА жастар қанаты үйлестіру кеңесінің төрайымы Элина Паулинаның айтуынша, бүгін корей, грек, болгар, грузин, словаян, әзербайжан, татар, неміс және «Нұр болашақ» бірлестіктерінің ұжымдары қала қонақтары мен тұрғындарын өздерінің мәдениетімен таныстырады. Сонымен қатар, кез келген адамға тегін кітаптар сыйға тартылып, түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Достық үйінде барлығы 24 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Оның құрамында 20 түрлі ұлт өкілінің ішінен 2500-ден адам астам адам кіретін 17 жастар қанаты бар.

- «Қолдан - қолға» немесе «Жүректен - жүрекке» акциясы аясында арбатқа көптеген ақын, жазушылардың  60-тан астам туындысын әкелдік. Мәселен, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Шыңғыс Айтматовтың «Жанпида», «Қош бол, Гүлсары» сияқты шығармалары бар.  Бұл еңбектерді славян орталығы кітапхана қорына сыйға тартқан болатын. Ендігі тұрғындар он кітапты алып кетті. Әсіресе, көбі балаларға арналған кітаптарды сұрайды, - дейді «Қоғамдық келісім» мекемесі жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Жұпар Нұрахметова.

Ақбота Сейсенбаева

Суреттерді түсірген - автор

pavlodarnews.kz