Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. , деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с-пен соққан желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықтағы желдің күші 23 м/с-қа артуы мүмкін, түнде және таңертен тұман болады. Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады. Павлодар, Ақтөбе облыстарының кей аумақтарында  найзағай ойнап, 18 м/с жылдамдықта жел тұрады. Күндіз Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген бөліктерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.         Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

 

pavlodarnews.kz