Бұл туралы ҚазАқпарат хпбпрлпдв. Өйткені ондай меже қарапайым халықтың өмір сапасына әсер ететіні анық және оны іске асыру үшін әрбір адамның өмір сапасын белгілі бір деңгейге көтеруге міндеттіміз. Алайда бұл жоспар өздігімен болмайтынын ескерсек, билік қана емес әрбір азаматтың сол бағытқа қарай лайықты түрде өзгеруі талап етіледі. Сондықтан да Елбасы Н.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласындағы сананы жаңғырту бағытында жүктелген міндеттер мемлекеттік аппараттың ғана емес қоғамдағы әрбір азаматтың жауапкершілігін де айқындап отыр. Бұл ретте сарапшылардың басым бөлігі мақалада қамтылған мәселелер іске асырылса қоғамымызда оңтайлы өзгерістер болатынына кәміл сенеді.

Айта кетерлігі, сәуірдің соңына таман ҚР Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның алғашқы отырысы өтті. Онда жобаларды іске асыру үшін жұмыс топтары құрылған болатын. Олардың құрамына әр саланың кәсіби білікті мамандары, сарапшылар, сондай-ақ қоғам өкілдері, соның ішінде танымал ғылым, білім және мәдениет қайраткерлері еніп, бүгінде Президент ұсынған жобалар бойынша жұмыстарын бастап кетті. Осыған байланысты «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі, «Wikibilim» қоғамдық қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы Рауан Кенжеханұлының пікірін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

pavlodarnews.kz