- Жыл сайын 1-20 маусым аралығында ҰБТ кезінде ата-аналар қолдарына шыбықтар ұстап, беттерін бүркеп алатын. Сондықтан  қазір 10-20 маусым аралығында ерекше назар аудару керек. Жұртшылық арасында өткізілетін сауалнама ғылыми тұрғыдан атқарылып жатқан жұмысты бағалап, сараптама жасауға мүмкіндік береді, - деп аймақ басшысы бұл мәселені бақылауға алуды өзінің орынбасары Николай Дычкоға жүктеді.

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Бақыт Бексейітованың айтуынша, 21, 22-маусым күндері қалалар мен аудандардың, 23-маусым күні Екібастұз қаласының түлектері ҰБТ тапсырады. Биыл 146  «Алтын белгіге» үміткердің 145-і сенімді ақтаған. Лагерьлерге келетін болсақ, шыбын-шіркей біршама азайған, десе де Усолка шағын ауданында әлі де маса маза бермейді.

Сонымен қатар, селекторлық режимде қансорғыштарға қарсы күрес бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берген аудандар мен қалалардың әкімдері елді мекендерде жағдайдың жақсарғанын айтып сендірді.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz