Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Екіжақты кездесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы ынытмақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Қазіргі уақытта банктің қатысуымен жалпы құны 8,1 млрд  доллар болатын 46 жобаның іске асырылғандығы аталып өтілді. Г.Әбдіқалықова биыл Дүниежүзілік банк пен Қазақстан ынтымақтастығына 25 жыл толып отырғандығын айтты.

Банк ширек ғасыр ішінде еліміздің жекеменшілік секторын дамытуға, құрылымдық реформалар жүргізуге және инфрақұрылымды жақсартуға үлесін қосты. Мемлекеттік хатшы 2017 жылы Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізу жеңілдігі» рейтингінде 190 елдің арасында 51 орыннан 35 орынға көтерілгендігін атап өтті. «Тәуелсіздік жылдарында елімізге келген тікелей шетелдік инвестицияның жалпы көлемі шамамен 280 млрд доллар болды», - деді Гүлшара Әбдіқалықова. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамытудың қазіргі қарқынына ризашылық білдірді. Кездесу соңында ҚР Мемлекеттік хатшысы Дүниежүзілік банктің Қазақстандығы тұрақты өкілі А.Браунға мүше елдердің тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз ету жолында сәттілік пен табыс тіледі.



pavlodarnews.kz