Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Қазгидрометтің хабарлауынша, Батыс Сібірдің үстінде орналасқан циклонның оңтүстік перифериясы Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарына әсер ететін болады. Сондықтан, осы аймақтың кей жерлерінде жаңбыр, найзағай, қатты екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы нормаға жақын болады деп болжануда. 20 маусымда Астанада көшпелі бұл шығады, алайда жауын-шашын болмайды. Батыс, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с болады.Түнде ауа температурасы  +15+17 °С, күндіз +28+30. Алматыда 20 маусымда көшпелі бұл тұрады, найзағайлы жауын бүркіп өтеді. Жел 2-7, жаңбыр кезінде екпіні 10 м/с-ге жетеді. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +30+32°С болады.



pavlodarnews.kz