Бұл туралы трамвай басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

- Сәуір айы бойы біз өңір тұрғындарынан соғысқа қатысқан туыстарының суреттері мен өмірбаяндарын жинастырдық, - дейді трамвай басқармасында. -  Арнайы электронды пошта мен инстаграмдағы ресми tramvai_pvl парақшасына 150-ден астам тұлға жайлы дерек келіп түсті. Ерлерін ұмытпайтын, құрмет тұтатын ұрпағы барда біздің батырларымыздың есімі өшпейді.

Жиналған суреттер мен деректердің барлығы 8 бейнероликке бөлінген.

Қазіргі уақытта трамвай вагондарындағы экрандарда жүріп жатқан бұл видеолар мамыр айының соңына дейін көрсетіледі.

Айта кетейік, трамвай басқармасы алдағы уақытта тағы бірнеше жобаны жүзеге асырмақ.



Оразбек Саяхат
Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, трамвай басқармасы, ҰлыЖеңіс75жыл