Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Кезекшілік бөліміне тілсіз жаудың шыққаны туралы хабарлама сағат түнгі 22.51-де түскен. Үйдің ішіндегі жиһаздар жанып, қызыл жалын алты шаршы метр аумақты шарпыған. Сағат 23.51-де өрт толығымен сөндірілген.

- Құтқарушылар келгенге дейін пәтерден мас күйінде 42 және 46 жастағы екі ер адам сыртқа шығарылып, медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі мен өрттің шығу себебі анықталуда, - деді департаментте.

Оқиға орнында газ-түтіннен қорғау қызметінен екі звено мен бір техника, № 33 және № 1 өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары жұмыс істеді.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам