«Облысымызда қаржылық пирамидалардың қызметін алдын алу» атты тақырыпта өткен баспасөз мәслихатында Мәди Омарбеков аталған құрылымдарды құрып, оларға басшылық еткен азаматтар қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын жеткізді.

- Қаржылық пирамидаларды құру және оған басшылық ету Қылмыстық кодекстің 217-бабына сәйкес 3000 АЕК айыппұл төлеу немесе 10 жыл бас бостандығынан айырумен жазаланады, - дейді Мәди Омарбеков. – Одан бөлек, аталған қаржылық құрылымдар туралы жарнаманы таратқандар Әкімшілік кодекстің 150-бабына сәйкес жауапкершілік арқалайды.

Көбінде-көп ұйымдастырушылар салымшылар қаражатын тартып, оларға адам сенгісіз дивидендтер ұсынады. Өсім пайызды бас кезінде жаңадан қосылған салымшылар қаражаты есебінен төлейді. Ол таусылғанда пирамида банкротқа ұшырайды.

Мәди Омарбековтың айтуынша, қаржылық пирамиданы оның негізгі белгілері – адам сенігсіз табыс, мүлікті пайызсыз ұзақ уақытқа бөліп төлеп сатып алу мүмкіндігі және әлеуметтік желілердегі белсенді жарнамадан ажыратуға болады.

Сөз соңында экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары қаржылық пирамиданы құру немесе басшылық ету фактілерін білген азаматтарды 8 (7182) 61-33-05, немесе WhatsApp 87028160181 нөмірлері арқылы хабарласуға шақырды.

Айбек Жұматов

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қаржылық пирамида, экономика, қылмыс