Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі хабарлайды.

COVID-19-бен күреске арналған сингл 100 млн астам тыңдалым жинаған. Әншінің ресми YouTube арнасында пайда болған музыкалық видеоны көрермендері жақсы қабылдады.

Димаш Құдайберген We Are One әнін коронавирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлерге және оқшауланып отырған адамдарға арнаған.

Бүкіл әлем коронавирус індетімен күрескен күрделі кезеңді бастан өткеріп жатыр. Тек қорқынышты ауруға қарсы бір-біріне көмектесіп, осы ауыр уақытта COVID-19-ды жеңуге болады. Бұл ән індетке қарсы күрестің басты майданындағы дәрігерлерге және оқшауланған барлық жанға арналған, – деп жазды Димаш Құдайберген әлеуметтік жеілдегі жеке парақшасында.

pavlodarnews.kz

Тэги: