Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Unesco.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінгі таңда мұражайлардың 90 пайызы немесе 85 мыңнан астам музей жабылған. Оның үстіне Африка мен аралдағы дамушы елдерде музейлердің 5 пайызы ғана өз аудиториясына онлайн контент ұсына алған. Бүкіл әлемдегі музейлердің 13 пайызы есігін қайта ашпауы мүмкін.

Мұражай қызметкерлері қатысқан екі зерттеу де коронавирус пандемиясының музей ісіне әсерін бағалауды мақсат етті. Олар бұл саланың әлемдік қауіп-қатерге қалай бейімделгенін және ол аяқталғаннан кейін музейді қолдау әдістері қандай болатынын анықтауға тырысты.

«Мұражайлар қоғам орнықтылығын қамтамасыз етуде жетекші рөл атқарады, - дейді UNESCO бас директоры Одрэ Азуле. - Біз олардың бұл дағдарыспен күресте жеңіп шығуына және аудиториямен байланысын үзбеуіне көмектесуіміз керек. Бұл пандемия адамзаттың жартысына цифрлық технологиялар қолжетімді еместігін есімізге салды. Біз ең әлсіз және оқшауда отырған жандардың мәдениеттен қол үзбеуі үшін жұмыс істеуіміз керек».

UNESCO мамыр айының ортасында ResiliArt қозғалысы аясында музейлерге арналған пікірталасты бастаған еді. Алғашқы үш дискуссия ибер-америкалық өңірдегі жағдайды және музей мен осы істің мамандарын қолдау стратегиясын сөз етеді.

ИКОМ жүргізген зерттеу көрерменінен айырылған музейлердің табысы азаятынын көрсетіп берді. Бұл сондай-ақ музеймен байланысты мамандықтарға да әсер етуі мүмкін.

UNESCO мен ИКОМ таяуда аталмыш зерттеудің нәтижесін жариялайды.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: