Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлім етті.

- COVID-19 аймақтың екі тұрғынында - 1936 жылғы әйел адам мен 1990 жылғы ер адамда анықталды. 83 жастағы әйел адам Екібастұз қаласының тұрғыны, бұған дейін  анықталған КВИ жағдайымен  қатынаста болған. 39,2 градусқа дейін дене қызуы  көтеріліп, құрғақ жөтел, қалтырау, тамақ ауруы,  тамақ қырылдауы, жалпы әлсіздік пен ентігуге шағымданған, - делінген штаб хабарламасында.

Ал, әскери қызметші ер адам Павлодар қаласының тұрғыны, өздігінен ақылы түрде Павлодар облысы бойынша «Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РММ вирусологиялық зертханасында COVID-19-ға  тестілеуден өткен.

- Толық дені сау жағдайында дене қызуы 37,7 градусқа дейін көтерілген. Эпидемиологиялық зерттеу барысында облыс пен қаладан тыс жерге шықпағаны анықталды. Инфекциялық аурулармен қатынасты жоққа шығарды, - деді штабта.

Екі жағдайда да байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталды. Тұрғылықты жерлерінің пәтерлері мен дәліздерінде  қорытынды дезинфекция жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 18 мамырдағы сағат 22:30-дағы жағдай бойынша Павлодар облысында  коронавирус инфекциясымен ауырған 167  факті тіркелген.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk