Ғылыми топтың жетекшісі Ермек Ғабдуллинның айтуынша, қазіргі таңда 27 мың гектар аумақ зерттелген. Павлодар қаласының айналасында және 20 шақырым қашықтықтағы учаскелер толық қамтылған.

- Өңдеу шараларының тиімділігі 60 пайызды құрайды, - дейді Ермек Ғабдуллин. – Усолка өзені аумағында дернәсілдер байқалмайды. Имагоның ересек организмі ғана бар. Оларға қарсы күн сайын түнде сағат 22.00-ден таңғы сағат беске дейін өңдеу шаралары жүргізіледі және тосқауыл қойылады. Бұл жер химиялық препаратпен өңделеді, себебі, имаго - ересек организм және биологиялық препараттан өле қоймайды. Бұл жағдайда 50 пайыз хлорпирифос «Агран» және 5 пайыз циперметрин қосылады.

Топ жетекшісі бір шаршы дециметрге дернәсілдерді есептеу жолын түсіндірді.

- Шағын ыдысқа сынама аламыз және алдымен оның көлемін есептейміз, - дейді Ермек Ғабдуллин. - Мысалы, бұл - 20х25 см. Қарапайым математикалық тәсілмен аумағын есептеп шығарамыз. Бір шаршы метрге қанша науадан келетінін есептейміз. Бұл ретте бір шаршы метрге 20 науадан келеді. Бұл науаға судан сынама аламыз және онда қанша дернәсіл бар екенін есептейміз. 100-ден 1000 дернәсілге дейін болады. Бұл санды 20-ға көбейтеміз. 1 шаршы метрге келетін шыбын дернәсілдерді аламыз. Соның негізінде ұсыным хат жазып, бак немесе хим препаратпен өңдеуге кеңес береміз. Егер өзен бауланбаған және су айдындары уақытша болса, хим препарат қолданамыз. Егер де терең су түбінде инеліктің дернәсілдері болса, бак препарат пайдаланылады.

Сондай-ақ маман масаның шарықтау шегі болатын сағат кешкі сегізден тоғызға, таңертең сағат алтыдан сегізге дейін имагоға өлшеу жүргізілетінін, одан кейін олар көлеңкеге жасырынып қалатынын айтады.

- Күніне екі рет өлшеу жүргізіледі, - дейді ол. - Мончарский әдістемесі бойынша қолын созып тұрғанда 20 минуттың ішінде 13-тен артық шағып кетсе, өңдеуге кеңес беріледі. Ұшақтар жағалауға қарсы әуеден өңдеу жүргізіп, химиялық препарат арқылы тосқауыл қояды. Уақытша су айдындары бар жерлерге ұшақтардың көмегімен тосқауыл қойылады. Сонымен қатар мотоқайықтармен солтүстік аумақта жұмыс жүргізіледі.


Ақбота Сейсенбаева

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам